00:00
Астана -10oC
USD:
447.25
EUR:
485.18
RUB:
4.96
Поиск

Президент: Ассамблея – еліміздің іргесін бекітіп тұрған басты институт

27.04.2023 | 11:14
97
Фото: Ақорда

Әрбір азамат бірлікті нығайту үшін қызмет етуі керек. Бұл қызмет ешқашан тоқтамайды, үздіксіз жалғаса береді. Өйткені бірлік болса ғана тірлік болады. Біз осы мызғымас қағидаға әрдайым адал болуымыз керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының отырысында айтты, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Татулық пен келісімнің ерекше маңызды екенін жұрттың бәрі бірдей сезінбеуі мүмкін. Сол себепті кейде «Ассамблеяның қажеті жоқ» деген ұшқары, яғни күмәнді пікірлер айтылып жатады. Шын мәнінде, Ассамблея – мемлекеттілігіміздің іргесін бекітіп тұрған басты институт.

Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлігімізді нығайтуға қызмет ететін бірегей құрылым. Ассамблея қасиетті қазақ жерін мекен еткен барша этносты ұйыстырып отыр. Онда еңбек етіп жүрген азаматтарды бірліктің елшісі деуге болады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Все новости