00:00
Астана -10oC
USD:
447.25
EUR:
485.18
RUB:
4.96
Іздеу

Астанада 20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды

13.05.2024 | 16:02
117
Астанада 20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
фото: ашық дереккөзден

Астана қаласы Алматы аудандық ПБ қызметкерлері көрші мемлекеттің аумағында алаяқтық әрекет жасағаны үшін 20 жылдан астам уақыт мемлекетаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

polisia.kz сайтының хабарлауынша, күдікті алдымен Қырғызстанға қашып, ол жақтан Астанадағы туыстарына келген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ер адам үйдің шатырынан табылды.

«Күдікті Ресей Федерациясының 53 жастағы азаматы. Қазіргі уақытта оны Ресейге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар