00:00
Астана -10oC
USD:
447.25
EUR:
485.18
RUB:
4.96
Іздеу

Оқушылар арасындағы экофестивалге өтінімдер қабылданады

15.05.2024 | 16:56
163
Оқушылар арасындағы экофестивалге өтінімдер қабылданады
фото: ашық дереккөзден

Мектеп оқушылары арасында экологиялық проблемаларды өнер арқылы көрсетуге арналған республикалық байқауға қатысуға өтінім қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Байқауға еліміздің барлық өңірінен 8, 9 және 10 сынып оқушылары қатыса алады. Белсенді, креативті және экологиялық мәселелерге барынша қызығушылық танытқан жасөспірімдер 6 санат бойынша бақ сынайды:

Beınele – бейнелеу өнері (фото, кескіндеме);

Árle – перфоманс (мүсін және инсталляция);

Qara – видеомейкинг (фильмдер, роликтер);

Sezin – арт перфоманс (театр, көше перфоманстары, флешмобтар);

Sóıle – музыка және поэзия (әндер, өлеңдер);

Órnekte – сәндік-қолданбалы өнер (тоқыма, керамика бұйымдары).

Үздік жұмыстар 1 және 2 маусымда Астанада өтетін «Aiala» арт-экофестивалінде көрсетіледі.

Өтінімдер 17 мамырға дейін http://aiala-fest.kz сайты арқылы жолдауға болады.

Барлық жаңалықтар