00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

ИЛ-86 ұшағымен ұшуды алғаш игерген қазақ авиаторы дүниеден озды

06.05.2024 | 20:00
102
ИЛ-86 ұшағымен ұшуды алғаш игерген қазақ авиаторы дүниеден озды
Фото: Азаматтық авиация комитеті

Азаматтық авиация ардагері, Құрметті авиатор Абдраманов Ермек Сансызбайұлы 84 жасында дүниеден озды, деп хабарлады Elorda.info Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, Ермек Сансызбайұлы Ресей халықаралық көлік академиясының академигі, Азаматтық авиация академиясының профессоры, «Қазақстан Әуе жолы» әуе компаниясының вице-президенті, Азаматтық авиация академиясының проректоры қызметтерін атқарды. Ол ИЛ-86 ұшағымен ұшуды игерген алғашқы қазақ ұшқышы болды.

Азаматтық авиациядағы 36 жылдық адал қызметі және академиялық жетістіктері үшін үкіметтік наградалармен марапатталған.

Орны толмас қайғыға байланысты ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің ұжымы атынан марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз, -делінген хабарламада .

Барлық жаңалықтар