00:00
Астана -10oC
USD:
447.25
EUR:
485.18
RUB:
4.96
Іздеу

Елордада танымал өнер иелері экоакцияға қатысты

20.04.2024 | 12:30
Сабина Кәкімжан
108
Елордада танымал өнер иелері экоакцияға қатысты
Фото: Жансая Таңырқұл

Бүгін Астанада эстрада жұлдыздары мен мәдениет қайраткерлері экологиялық акцияға қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Олардың қатарында Нұрлан Өнербаев, Дос, Светлана Айтбаева, Майра Ильясова, Ерлан Малаев, Аука, Есен Елеукен, Хадиша Ағыбаева және т.б. бар. Олар қаладағы «Керей мен Жәнібек хандар» ескерткішінің аумағында абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Бұл –ауқымды іс-шара деп санаймын. Оған барлығы да атсалысып жатыр. «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясының бір ерекшелігі – әр аптаның жеке тақырыбы бар. Мысалы, мәдени нысандар, тарихи ескерткіштер абаттандырылды. Бұл экоакция мамыр айының ортасына дейін болады. Қаламызда қолайы өмір сүруге жағдай жасау – әрқайсысымыздың қолымызда. Шаһарда бой көтерген нысандарға құрметтеу, ұқыптылықпен қарау қажет. Сол тұрғыдай осындай сенбіліктердің ұйымдастырылуы  өте маңызды деп санаймын, - деді қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов.

Сондай-ақ өнер иелері экологиялық акцияға қолдау білдіріп, өзгелерді  атсалысуға шақырды.

 Бүгін міне, мәдениет қызметкерлері сенбілікке қатысып, қаланың тазалығына атсалысып жатыр. Адамзаттың көктемде  айналасын тазарту, бұлақтың көзін ашу, тал-теректің түбін қопсыту – бұрыннан қалыптасқан әрі қанға сінген дүние. Бұл дәстүрді ұмытпау керек. Мұндағы мақсат – табиғатқа құрметпен қарау әрі аялау, өскелең ұрпаққа көрсету. Жалпы әр азаматта Жер-Анаға деген үлкен махаббат болу керек. Оған күтіммен қарау қажет. Өйткені Жер-Ана сізге нәр беріп тұр. Ал айналаны күл-қоқысқа айналдыру адамшылыққа жатпайды. Ал  осындай іс-шаралар арқылы өскелең ұрпаққа табиғатты аялауды көрсету, - деді Нұрлан Өнербаев.

Экоакция ұйымдастыру арқылы астаналықтар арасында экомәдениеттілікті қалыптастыру.

Сенбіліктердің пайдасы өте мол. Бұл Астанамыздың көркеюіне, әсемденуіне үлес қосады. Қоршаған ортаны таза ұстаған дұрыс. Таза ауа – санасы таза ұрпақтың өсуіне әсер етеді. Мұндай экоакцияларға үнемі қатысып тұрамын, - еді Есен Елеукен.

 «Таза Қазақстан. Елорда-тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында 80-нен астам іс-шара жоспарланған.Экоакция бес аптаға созылады. Олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған.

Барлық жаңалықтар