00:00
Астана -10oC
USD:
447.25
EUR:
485.18
RUB:
4.96
Іздеу

Белгілі әнші Балжан Бидаш бейтаныс жігітпен көзге түсті

15.05.2024 | 16:08
112
Белгілі әнші Балжан Бидаш бейтаныс жігітпен көзге түсті
Фото: видеодан скрин

Танымал әнші Балжан Бидаш желіде жаңа видео жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Бейнежазбада өнер иесі бейтаныс жігітпен көзге түсті, деп хабарлады Elorda.info.

Балжан Бидаш белгісіз ер азаматпен түскен видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда ер адамның әнші аруды қолынан сүйреп алып кетіп бара жатқанын көруге болады.

Бейнежазбада шоу-бизнес жұлдызы түрлі қызғылт түсті образдарды паш еткен.

«Жоқ, жоқ. Қазір бармаймын», - деген жазба қалдырды Балжан видео астында.

Желі қолданушылары өнер иесін бейтаныс азаматпен көріп, бірден қызу талқыға кірісті. Оқырмандар Балжан Бидашқа тұрмысқа шығуға асықпауын сұрады.

«Тағы да тұрмысқа шыққың келіп жүр ма?», «Енді тұрмыс құрып қажет емес секілді», «Барби», «Қуыршақ өзі», «Осылай жарқырап жүре берші», «Бақытты бол, сұлу қыз», «Құлпырып жүре бер», «Тұрмысқа шығуға асықпаңызшы», «Қасындағы жігіт кім болды екен?», «Жаным сіңлім, асықпашы, өтінемін», - деп жазуда көпшілік.

Барлық жаңалықтар