00:00
Астана -10oC
USD:
447.25
EUR:
485.18
RUB:
4.96
Іздеу

Астанадан 6 аймаққа қосымша пойыздар жүреді

03.01.2024 | 07:30
100
Фото: дереккөз

Астана – Алматы – Астана және Астана – Шымкент – Астана бағыттары бойынша стандартты вагондардан қосымша пойыздар тағайындалды. Астана – Көкшетау, Астана – Бурабай курорты, Астана-Атбасар, Павлодар-Астана бағыттары бойынша 6 қосымша қала маңы пойызы ұйымдастырылды. Ең көп сұранысқа ие бағыттар бойынша 296 қосымша тіркеме вагон жолға шығарылды.

Өткен жылдың 29 желтоқсанынан осы 2 қаңтарға дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты автомобиль қозғалысы тоқтатылған елді мекендерден 10 мыңнан астам жолаушы шығарылды.

Күн сайын еліміз вокзалдарында 600 астам қызметкер күшейтілген режимде жұмыс істеді. Олар жолаушыларды пойыздар қозғалысы туралы және барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар етті, жолаушыларды вагондарға отырғызуды және түсіруді ұйымдастырды.

Мерекелік тасымалдау кезеңінде барлығы 189 жолаушылар локомотиві жолға шығарылды. Вокзалдарда қар мен пайда болған мұзды жинау жұмыстары жүргізілді, ол үшін 25 арнайы техника мен 295 қызметкер жұмылдырылды.

Сонымен қатар, тәулік бойы теміржол инфрақұрылымын қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. 37 мың текше метрден астам қар шығарылды, 12,9 мың шақырым жол тазартылды. 90 астам мамандандырылған қар тазалау және қардан аршу техникасы мен 4,6 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды.

29 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында "1433" жолаушыларға арналған бірыңғай телефон анықтамалық қызметіне 20,6 мыңнан астам қоңырау түсті. Өтініштердің шыңы 30 желтоқсанда орын алды, бұл күні 7,5 мыңнан астам қоңырау келіп түскен.

Барлық жаңалықтар