00:00
Астана -10oC
USD:
447.25
EUR:
485.18
RUB:
4.96
Іздеу

Қай өңірлердегі су құбырларында авария көп?

15.02.2023 | 15:57
Елорда ақпарат
48

Жалпы авария саны жылдан-жылға азайып келеді. Мысалы, 2015 жылы сумен қамту құрылғыларында 6,1 мың авария болса, 2010 жылы оның саны 25,9 мыңға жеткен, яғни 2020 жылға қарағанда 14 есе көп.

Сумен қамту желілерінде 2015 жылы – 5,5 мың, ал 2010 жылы 18,4 мың авария болған.

Сумен қамту жүйесі құрылғыларындағы авария санының азаюы 7 өңірде байқалған. Үздік көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі, онда авария саны бір жылда екі еседен аса қысқарған: 2019 жылы 77 авария болса, 2020 жылы небәрі 35 авария орын алған.

Сондай-ақ авария саны Алматыда екі есе (1080-нен 559-ға дейін), Маңғыстау облысында шамамен 30%-ға (19-дан 13-ке) азайған. Ал Атырау облысында, керісінше, алдыңғы жылға қарағанда 2020 жылы авария 2,4 есе көбірек (83 факт) кездескен.

2020 жылы авария аз болған өңірлер қатарына Түркістан облысы (3), Ақтөбе облысы (7) және Шымкент (7) кіреді. Ал ең көп авария Алматыда (559), Павлодар (252) және Ақмола (199) облыстарында болған.

Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстанда сумен қамту желілерінің ұзындығы жыл сайын артып барады. 2020 жылы желілер ұзындығы 85,1 мың шақырымға жетті, бұл былтырмен салыстарғанда 1,4%-ға артық.

Барлық жаңалықтар