00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада спортшылар Жақсылық Үшкемпіровтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

08.05.2024 | 09:36
92
Астанада спортшылар Жақсылық Үшкемпіровтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Фото: дереккөз

Астанада қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіровтің туған күніне орай балуанның есімі берілген Жекпе-жек сарайының алаңындағы ескерткішке гүл шоғын қою рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға Туризм және спорт министрлігінің өкілдері, спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты.   

Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Е.Мырзабосынов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Байкен балуанның туған күніне орай ескерткішке гүл шоғын қойып, тағзым етті.

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров ескерткішіне гүл шоқтарын қою Олимпиада ойындары қарсаңында еліміздің даңқын өрлеткен спортшылар қауымына жасалған құрметіміз. 

Жақсылық атамыздың ел спортын дамытудағы ұстаздық рухы мен табандылығы көкейімізде мәңгі сақталады, тіпті спортшыларымызды жаңа белестерді бағындыруға шабыттандырары анық. Біздің олимпиадашыларымыз биыл да ерлік жолын жалғап, жеңіске жетеріне үмітім зор. Олимпиада даңқына тұңғыш даңғыл жол салған Жақсылық атамыздың салып өткен сара жолы спортшыларымызға даңғыл жол болсын, олар ел мерейін арттырсын. Біз жеңісті жолды еш ұмытпаймыз! - деп атап өтті комитет төрағасы Е.Мырзабосынов. 

Еске сала кетейік, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт саңлағы – Жақсылық Әмірәліұлы 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысының Свердловск ауданы Дихан ауылында дүниеге келген. Саналы ғұмырын спортқа арнаған балуан грек-рим күресімен шұғылданып, 1971 жылы спорт шебері, 1975 жылы халықаралық спорт шебері атанған. 1980 жылы Мәскеуде өткен байрақты бәсекеде чемпион атанса, 1981 жылы әлем чемпионы болды.

Барлық жаңалықтар