00:00
Астана -10oC
USD:
447.25
EUR:
485.18
RUB:
4.96
Іздеу

Балғынбек Имашев: Жүре алмай қалды

06.03.2024 | 06:02
109
Фото: instagram.com/balgynbek_imash

Анашымды Алматыға әкелдім. Соңғы кезде жүре алмай, қан қысымы көтеріліп, жағдайы қиындап кетті. Көз алдыңда «жәннатыңның қақпасы» қартайып бара жатқаны жүрекке жүк екен. «Алматыда жақсы емхана бар екен. 78-дегі кемпірді 18-дегі қыздай қылады» деп едім. Әшейінде дәрігерге барғысы келмейтін анашым балаша қуанып, «Барам» деді. Өйткені, Данияр деген тұңғыш немересі келін түсіреді. Соған дейін арбаға таңылмай, өз аяғымен барғысы келеді ғой. Жаным, анашым! Өмір бойы 7-еумізді жеткізем деп бейнет көріп еді. Жетеуіміз жабылып, жағдайын жасай алмай келеміз. Қолымнан келгені, әр кезде анашыма өлең арнаймын. Жылап қалады. Аналарымыз аман болғай, - деді Балғынбек Имашев. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Балғынбек Имашев анасына жыр арнаған болатын

Барлық жаңалықтар