00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Мектептерді күзету формальды түрде жүргізіледі – сенатор

31.03.2023 | 23:05
Елорда ақпарат
39

Сенатор Нұртөре Жүсіп депутаттық сауалында қазіргі таңда оқу мекемелерінің қауіпсіздігі  формальды түрде және қарабайыр түрде жүргізілетіні туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көп сатылы кешенді қауіпсіздік жүйесін жасауды күн тәртібіне шығару керек. Әлем елдерінде мұндай тәжірибелер бар. Қай ел болсын бұл мәселеге асқан жауапкершілікпен қарайды, - деді сенатор.

Депутат «Білім туралы Заңында» оқушылар мен ұстаздардың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы бір ауыз сөз жоқтығына да алаңдаушылық білдірді.

Білім беру мекемелерінде криминалдық және террористік сипаттағы қауіп-қатерден қорғайтын, оқу орындарындағы оқушыларды, мұғалімдер мен қосалқы персоналды сақтауға арналған қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жүйесін жасау жөнінде шұғыл кешенді шаралар қабылдауды сұраймыз, - деп қорытындылады Нұртөре Жүсіп.

Барлық жаңалықтар