00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Сенат төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаев сайланды

31.03.2023 | 22:21
Елорда ақпарат
40

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Өздеріңіз білесіздер, менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес Сенат төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын.

Ол бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарды. Заң шығару жұмысын жақсы біледі. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан оны Сенат төрағалығына лайықты деп санаймын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жасырын дауыс беру кезінде барлық сенатор Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Барлық жаңалықтар