00:00
Астана -10oC
USD:
440.92
EUR:
475.36
RUB:
4.82
Іздеу

Сенат сайлауы: ОСК түпкілікті нәтижені жариялады

31.03.2023 | 21:59
Елорда ақпарат
40

Сенатқа 20 депутат сайланды. Олардың үшеуі – әйел адам, ал 17-сі – ер адам. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info. 

Олардың арасында төртеуі – ҚР Парламентінің депутаты, бесеуі – облыстық мәслихат хатшылары, төртеуі – облыс әкімдерінің орынбасарлары. Сонымен қатар 2 аудан әкімі, 2 мемлекеттік орган қызметкерлері, 1 оқу мекемесінің басшысы, 1 облыстық басқарма басшысы және 1 акционерлік қоғам өкілі де бар.

ОСК ұсынған мәліметтерге сәйкес, келесі азаматтар ең көп дауыс жинады:

Абай облысы: Тастекеев Қайрат Құлбайұлы – Семей қаласындағы құрылыс колледжінің директоры;

Ақмола облысы: Жүнісов Талғат Тұрлыбекұлы – Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы;

Ақтөбе облысы: Нугманов Амангелді Шайхоллаұлы – Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы;

Алматы облысы: Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы – ҚР Парламент Сенатының депутаты;

Атырау облысы: Нәутиев Әлібек Ибатоллаұлы – Атырау облыстық мәслихатының хатшысы;

БҚО: Өтеғұлов Арман Кәрімұлы – БҚО әкімінің бірінші орынбасары;

Жамбыл облысы: Арубаев Сәкен Қаланұлы – Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі;

Жетісу облысы: Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы – ҚР Парламент Сенатының депутаты;

Қарағанды облысы: Өтешов Серік Балғатайұлы – Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы;

Қостанай облысы: Нұрмұхамбетов Ғауез Торсанұлы – «Қостанай облысы әкімініңнің аппараты» ММ бірінші орынбасары;

Қызылорда облысы: Рүстемов Руслан Рүстемұлы – Қызылорда облысы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы;

Маңғыстау облысы: Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлы – Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары;

Павлодар облысы: Әйткенов Ернұр Нұрмұханұлы – Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы;

СҚО: Кәрімова Гүлмира Раинбекқызы – ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрайымы;

Түркістан облысы: Қадырбек Мұрат Болатұлы – Жетісай ауданының әкімі;

Ұлытау облысы: Медебаев Советбек Тұрсынұлы – ҚР Парламент Сенатының депутаты;

ШҚО: Бұқтұғұтов Шәкәрім Сабырұлы – ШҚО әкімінің орынбасары;

Астана қаласы: Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы – ҚР Парламент Сенаты Төрағасының кеңесшісі;

Алматы қаласы: Асанова Жанна Бейсентайқызы – "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі;

Шымкент қаласы: Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы – ҚР Парламент Сенатының депутаты.

Бұдан басқа Астана қаласынан шығып қалған ҚР Парламенті Сенаты депутатының орнына сайлау өткізіліп, Сенат депутаты болып депутаттық өкілеттігі тоқтаған Андрей Лукин сайланды.

Барлық жаңалықтар