00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Қазақстан қандай жағдайда Түркіменстанға көмек көрсете алады

31.03.2023 | 21:07
Елорда ақпарат
46

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Үкiметi мен Түркіменстан Үкiметi арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң қабылданды, деп хабарлады Elorda.info.

Inform.kz жазуынша, аталған келісімге 2021 жылғы 25 қазанда Ашхабадта қол қойылды. Келісімнің мақсаты - Қазақстан мен Түркіменстанның азаматтық қорғау саласындағы ынтымақтастығы бағытында құқықтық база құру.

Келісімде екі елдің азаматтық қорғаныс, апат немесе өзге де зілзала жағдайында ерікті және өзара көмек көрсету жөніндегі мамандарды оқыту саласындағы өзара іс-қимылы айқындалады.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, екі елдің біреуінің аумағында төтенше жағдай болған кезде, бірлескен іс-қимылдың арқасында осы келісім ережесі іске асырылады.

Аталған келісім елдердің құзыретті органдары арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге, халыққа қауіп төнген кезде тиісті әрекеттерді дайындау саласында тәжірибе алмасуға, мемлекеттердің оқу орындарында азаматтық қорғау саласында мамандар даярлауды жүзеге асыруға, ақпарат алмасуға, сондай-ақ төтенше жағдайға қатысты көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Заң жобасының теріс салдары болмайды және қосымша қаржылай шығындарды талап етпейді, - деді министр.

Барлық жаңалықтар