00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

Мәскеудегі премьер-лигада Қазақстан каратэшілері үш алтын иеленді

24.02.2023 | 15:29
Елорда ақпарат
45

Токио олимпиадасында +61 келіде қола медаль алған Софья Берульцева Мәскеудегі жарыста +68 келіде жеңімпаз атанды. Ол финалда ресейлік Вера Ковалеваны жеңді. Берульцева осымен төртінші рет Karate 1 Premier League жарыстарында алтын медаль иеленіп отыр. Ол осыған дейін Шанхай мен Мадрид (2019 жыл) және Стамбул (2021) премьер-лигасында жеңіске жеткен.

Токио олимпиадасына қатысқан Мөлдір Жаңбырбай 50 келіде финалда австриялық Веттина Планкты жеңіп, Мәскеудегі жарыстың чемпионы атанды. Бұл – Мөлдір Жаңбырбайдың каратэден премьер-лига жарыстарындағы алғашқы алтыны. Ол биыл Лиссабон (Португалия) премьер-лигасында күміс медаль иеленген.

Ерлер арасында 60 келіде финалда қазақстандық Қайсар Алпысбай ресейлік Евгений Плахутиннді жеңіп, Мәскеудегі премьер-лиганың алтынын иеленді. Алпысбай 2020 жылы Сантьяго (Чили) премьер-лигасының жеңімпазы.

Ал Сабина Захарова (әйелдер арасында 55 келі) финалда ресейлік Анна Чернышеваға есе жіберіп, екінші орын алды.

Karate 1 Premier League - WKF (Әлемдік каратэ федерациясы) ұйымдастыратын деңгейі жағынан әлем чемпионатынан кейінгі екінші жарыс. WKF жыл сайын премьер-лиганың төрт-бес кезеңін өткізеді. Биыл барлығы төрт кезең өтті. Енді каратэшілер 16-21 қарашада Дубайда болатын әлем чемпионатына қатысады.

Каратэ спорты биыл Токио олимпиадасының бағдарламасына еніп, Қазақстан екі қола медаль (Берульцева және Дархан Асадилов) иеленген. Халықаралық олимпиада комитетінің шешімімен, бұл спорт 2024 жылы Парижде өтетін олимпиаданың бағдарламасында болмайды.

Все новости