00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

«Қазақстан-2050» даму стратегиясын қайта қарау қажет – Президент

01.04.2023 | 00:57
Елорда ақпарат
32

Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2050» стратегиясын» қайта қарау қажеттігін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Соңғы жылдары әлемде теңдессіз геосаяси, экономикалық және технологиялық өзгерістер болды. Осыған орай, біздің кейбір стратегиялық құжатымыз өзектілігін жоғалтты. Сондықтан «Қазақстан – 2050» стратегиясын» түбегейлі қайта қарау қажет. Яғни, бұл құжатты қазіргі жаһандық үдерістерді ескере отырып, ел дамуының ұзақ мерзімге арналған басымдықтарын айқындайтын стратегияға айналдыру керек. Жалпы, кез келген жұмыс мұқият жоспарлануы керек. Сонда мемлекеттік саясат стратегиялық сипатқа ие болады және тұрақты жүзеге асырылады. Сонымен бірге еліміз кез келген сын-қатерге төтеп бере алады, – деді Қ.Тоқаев.

Все новости