00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

Сарапшы: Реформалар бағыты жыл сайын нығайып, экономиканың барлық жаңа салаларын қамтып отыр

31.03.2023 | 23:17
Елорда ақпарат
69

Мемлекет басшысы қызметке кіріскен соң бірден бастаған экономикалық реформалар бағыты жыл сайын нығайып, экономиканың барлық жаңа салаларын қамтып отыр. Бұл туралы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Оның айтуынша, халықты әлеуметтік қолдауды күшейту шаралары белсенді жүзеге асырылды.

Өткен жыл бірқатар экономикалық реформаны жүзеге асырудың жалғасуымен, жаңаларының басталуымен және экономиканы реформалаудың одан әрі барысы үшін кейбір маңызды бағыттардың белгіленуімен ерекшеленді. Осылайша, экономиканы басқару жүйесін жаңғырту жалғасты, экономиканы мемлекетсіздендіру және бірқатар функцияны бәсекелес ортаға беру бойынша бұрын жарияланған бағыт («ҚазМұнайГаз» ҰК IPO-сы осы саладағы ерекше айтулы оқиға болды), бизнес жағдайларын жеңілдету және әкімшілік кедергілерді азайту бойынша шаралар дәйекті түрде жүзеге асырылды. Халықты әлеуметтік қолдауды күшейту шаралары белсенді жүзеге асырылды, алушылар саны 750 мың адамға жуық, жалпы сомасы 60 миллиард теңгеден асатын атаулы әлеуметтік көмекпен халықты қамтуды арттырудан бастап, денсаулық сақтау және білім беру саласын қаржыландыруды арттыру жүрді (2022 жылы республикалық бюджеттің білім беруге шығыстары 2019 жылмен салыстырғанда 3 есеге, денсаулық сақтау саласына шығыстар 2 есеге өсті, бұл жалпы бюджет шығыстарының өсімінен айтарлықтай, 1,7 есеге асып түсті), - деді сарапшы.

Вячеслав Додоновтың айтуынша, осы реформаларға сәйкес, атап айтқанда, шикізаттық емес сектордағы ондаған шетелдік компанияны Қазақстанға тартуда нақты нәтижелерге қол жеткізілген.

Экономиканы әртараптандыру, бәсекелестікті дамыту және монополиясыздандыру жөніндегі аса маңызды реформалар іс жүзінде жүзеге асыру кезеңіне жетті. Осы реформаларға сәйкес, атап айтқанда, шикізаттық емес сектордағы ондаған шетелдік компанияны Қазақстанға тартуда нақты нәтижелерге қол жеткізілді, олардың кейбіреулері басқа елдерден көшірілді, ал кейбіреулері ұзақ мерзімді жүйелі жұмыстардың нәтижесінде өңдеу өнеркәсібіне, саудаға, туризмге және басқа да шикізаттық емес салаларға шетелдік инвестицияларды тарту барысында келді.

2022 жылы Мемлекет басшысы одан әрі реформалаудың, оның ішінде тарифтік реттеу ауқымын қысқарту, салық және бюджет саясатының тиімділігін арттыру, сондай-ақ ақша-несиелік реттеуді экономиканың өңдеуші секторын банктік несиелендіруді ынталандыруға бұру секілді негізгі бағыттарын белгіледі. Бұл бағыттар бойынша жұмыстар басталды, ол жалғасын табады, кейбірі 2023 жылы аяқталады. Осылайша, бағаны реттеуден бас тарту және «инвестицияларға айырбас тарифі» саясатын енгізу арқылы монополиялық тарифтерді реттеуді жұмсарту бойынша шаралар әзірленуде; 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін дайын болуы тиіс шағын және түсінікті бизнес ережелері бар «таза беттен бастап реттеу» режимін енгізуді көздейтін кәсіпкерлікті қолдау жүйесін реформалау жалғасуда; жаңа Салық кодексін жасау бойынша жұмыс жүргізілуде, ол 2023 жылы аяқталуы тиіс; мемлекеттік секторды реформалау жалғасуда; келісім-шарттар ашық және конкурстық негізде жасалатын мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жаңа моделі қалыптасуда, - деді ол.

ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері атап өткендей, осылайша, Президент Қ.Тоқаев қызметке кіріскен соң бірден бастаған экономикалық реформалар бағыты жыл сайын нығайып, экономиканың барлық жаңа салаларын қамтып отыр.

2022 жыл еліміздің алдында тұрған күрделі міндеттерге қарамастан, бұл тұрғыда айтарлықтай нәтижелі болды және 2023 жыл бұл бағытты қазақстандық экономиканы жаңғырту мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған реформалаудың жаңа шараларымен нығайтуы керек. Биылғы айтулы оқиғаларының қатарында бірқатар жетекші компанияны жекешелендіруді жалғастыру, шикізаттық емес секторға шетелдік инвестицияларды тартуды жандандыру, жаңа Салық кодексін және бірқатар маңызды нормативтік актіні дайындау, бизнес жүргізу жағдайларын ырықтандыру, Қазақстанның сыртқы экономикалық саладағы рөлін белсендіру және аймақтық ынтымақтастықтың маңызды бастамаларын жүзеге асыру және басқа да маңызды оқиғаларды атап өтуге болады, - деді В. Додонов.

Все новости