00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

Астана қаласы Қоғамдық кеңес мүшесі алда болатын сайлауға қатысты пікір білдірді

31.03.2023 | 22:10
Елорда ақпарат
63

Астана қаласы Қоғамдық кеңес мүшесі, кәсіпкер Мәдина Әжкенова алдағы болатын Парламент және мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info. 

Бұл туралы ол өзінің facebook-парақшасында жазды. 

Биыл 19 наурыз айында өткізілетін Парламент сайлауы – Мемлекет басшысының өткен жылғы қыркүйек айында жариялаған саяси жүйесі аясында жүзеге асырылатын жұмыстардың жалғасы.

Бірінші кезеңнің бастауы ретінде Президент сайлауы өткізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары аясында қоғамдық маңызы бар факторлар жүзеге асты.

Мемлекеттік институттарды қалпына келтірудің келесі кезеңінде: Қазақстан Республикасының Парламенті және барлық деңгейдегі мәслихат депуттарының кезектен тыс сайлауы өткізіледі.

Саяси жүйенің қорытынды кезеңінде Министрлер кабинетінің жаңадан құрылуы іске асырылады.

Президенттік мерзімі басталған сәттен бастап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әр түрлі жағдайларда еліміздің мемлекеттігін қорғап, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, әрқашан халықпен бірге.

Әділдік жолында болуға үмітімізді үзбес! – деп жазды ол. 

#менсайлауғабарамын, #мендауысберемін, #сайлау202

Все новости