00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

Елордада такси жүргізушісі ұрлық жасады

25.02.2023 | 09:08
Айман Нығмет
45

Такси жүргізушісі «Смарт такси» ЖШС-не тиесілі «Chevrolet Cobalt» автокөліктерінен катализаторларды ұрлап кеткен. Екі күннің ішінде ер адам әрқайсысының құны 830 мың теңге болатын үш автомобиль катализаторын ұрлаған. Ұрланған катализаторларды металды қабылдау орнына төмен бағамен өткізген. Жүргізуші автокөліктерді ТҚС-ға апарғаны және онда автомеханиктер төлем үшін катализаторларды кесіп бергендері анықталды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығына тексерілуде.
 

Все новости