00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов елордадағы жиын пунктінің жұмысымен танысты

13.05.2023 | 15:00
59
фото: Василий Крась

Бүгін Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов елордалық жиын пунктінің жұмысымен танысты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Жиын пунктінің тыныс-тіршілігін Астана қалалық Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Руслан Бешеев таныстырды. 

WhatsApp Image 2023-05-13 at 13.12.02 (1).jpeg

Қазіргі таңда көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Бұрын жиын пункті А.Затаевич көшесінде екі қабатты ғимаратта болды. Бірақ ғимарат жарамсыз деп танылған соң, біз жаңа ғимаратқа көштік. Жаңа ғимаратта әскерге шақырылған жастарға алғашқы зерделеу және медициналық тексеріс жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Қажетті әкімшілік және қызметтік үй-жайлармен, медициналық жабдықтармен жабдықталған. Алты қабатты ғимаратта әр қабатта бір-бірден Алматы, Сарыарқа, Байқоңыр аудандары мен Қалалық бақылау медициналық шақыру комиссиялары, әскерге шақырылушыларды орналаастыратын казарма орналасқан. Жалпы барлық медициналық шақыру комиссияларын қоса алғанда бір күнде 180 адамды қабылдай аламыз. Олар осы жерден барлық тексерістен өткен соң, әскери қызметке жарамды деп танылғандары Қалалық Жиын пункті қабатына көтеріледі. Азаматтар үш күн ішінде әскери бөлім өкілдерімен зерделеніп, әскерге аттанады. Оларға арналған жатын орын мен тамақтану  орындары бар. Қазір әскерге шақыру науқаны сәйкесінше өтіп жатыр, - деді Астана қалалық жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Руслан Бешеев.

WhatsApp Image 2023-05-13 at 13.12.02.jpeg

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев пен елордалық Қорғаныс істері департаментінің бастығы подполковник Медет Турскелдиев ғимараттың әр қабатында орналасқан  арнайы қызметтік және дәрігерлік комиссия бөлмелеріне кіріп, медициналық құрал-жабдықтар және мүліктермен жабдықталуымен танысты. Сонымен бірге, жиын пунктінде әскерге аттануға дайындалып жатқан жастармен кездесті. Дәрігерлік комиссия мамандары тексеру жұмысы қалай жүргізілетіні айтып,  бүгінгі әскерге шақырту алған жастардың денсаулығына жақсы баға берді. 

Ағымдағы жылғы 30 маусымға дейін Астана қаласынан Қарулы Күштер мен әскери құрылымдарға 1 040 азамат жолдануы қажет болатын болса, бүгінде оның жартысы әскерге аттанды. Медициналық тексеріс барысында  жастар арасында көз ауруы жиі анықталады. Былтырғы    нәтижеге қарағанда көз аурулары көбейді деп айта аламыз. Жастар салауатты өмір салтын ұстамайды, сол себепті салмағы көп немесе аз жігіттер кездесіп жатады. Дегенмен соңғы бес жылдық көрсеткіштерді салыстырсақ, әскерге баратын балалардың денсаулығы жақсы, оңалды деп айтуға болады, - дейді «Алматы» ауданының әскерге шақыру медициналық комиссия төрағасы, терапевт дәрігер Гүлнәр Бутунбаева.

WhatsApp Image 2023-05-13 at 13.11.44 (1).jpeg

Жиын пунктінде дәрігерлер әскерге баратын жастардың  алдымен бойы мен салмағын өлшейді.  Кейін өкпе, тері мен  көзінің саулығы  тексеріліп, хирург, психиатр, нервопотолог сияқты мамандардың  тексерісінен өтеді. Жүрек пен талма, қан ауру түрлерімен ауыратын жастар әскерге жіберілмейді. 

WhatsApp Image 2023-05-13 at 13.11.46.jpeg

Елордадағы Жиын пункті  әскерге шақырушыларға арналған казарма, тамақтану орны, процедуралық, функционалдық диагностика мен анализ алу кабинеттері бір ғимаратқа шоғырландырылған Қазақстандағы жалғыз пункт болып табылады. Бұл өз кезегінде әскерге шақыру науқанында шақырылатын азаматтарды қосымша тереңдетілген дәрігерлік тексерден өткізу үшін тасымалдауға кететін шығындарды үнемдеуге көп мүмкіндік беруде.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

Все новости