00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

Астанада анестезиологтар мен реаниматологтарға арналған арналған шеберлік сабағы өтіп жатыр

12.06.2023 | 12:00
52
Фото: дереккөз

Астанадағы №3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасында «Балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясының заманауи мәселелері» тақырыбында тегін шеберлік-сыныбы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Шеберлік сабағына Мәскеуден балалар реанимациясы саласындағы атақты профессорлар Владимир Лазарев пен Лоайса Уго Карлос шақырылды. Олар 4 күн бойы балалардағы қарқынды терапияны респираторлық қолдау туралы өз тәжірибесімен бөліседі.

Жиынның ашылу салтанатында аталмыш балалар ауруханасының директоры Әлия Рүстемова қазір балалардың денсаулығы әлсіреп кеткенін айтты.

f4490fb4-4ebc-401e-8620-f673706099d8.jpg

Біздің аурухана 300 науқасқа арналған. Дәрігерлер күніне 170-тен астам баланы қабылдайды. Оның 70 пайызы дәрігер кеңесін алып, әрі қарай емді үйде жалғастырса, қалған 30 пайызы ауруханада қалып, ем алады. Бүгінде балалар арасында ЖРВИ, ішек инфекциясы жиі кездеседі. 

Былтырдан бері жалпы балалардың денсаулығы нашарлап кеткенін байқадық. Бұл коронавирус салдары деген болжамға келдік. Себебі пандемия уақытында ересектер жиі ауырса, ал балаларда дәл сондай ауру белгілері болғанымен, олар жеңіл өтті. Ол кезде ата-аналар білген де жоқ. Қазір балалар ауырған кезде анализ нәтижесі біздің болжамымыз дұрыс екенін көрсетті. Қазір балалар денсаулығына коронавирустың әсер еткенін нақты айта аламыз. Әсіресе тыныс алу жолдарында әлсіреу бар. Балалар бұрынғыдай ауруларды жеңіл өткермейді. Сол себепті Мәскеуден әріптестерімізді шақырдық, өйткені бұл біздің елімізде ғана емес, әлем бойынша болған өзгеріс деп есептейміз, - деді Әлия Рүстемова.

Бүгінде №3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасында 130 балалар дәрігері бар, оның 20-сы балалар анестезиолог-реаниматологтар. 

Айта кетейік, іс-шараның бас демеушісі «Мереке» қайырымдылық қоры.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

Все новости