00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

Бес айлық сәбиімен таксист болып жүрген астаналық келіншек баспаналы болды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 20:15
Елорда ақпарат
57

Бес айлық сәбиімен таксист болып жұмыс істеп жүрген астаналық жалғызбасты келіншек баспаналы болды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы «Біз біргеміз» қоғамдық қорының жетекшісі Перизат Қайрат астаналық әйелге қатысты видео пайда болғаннан кейін оның баспана мәселесін қарастыру үшін түрлі құрылыс компанияларына хабарласқанын айтты.

Бұл туралы Жақында әлеуметтік желіде бала емізіп, әрі такси жүргізушісі болып, жүрген нәзік жан, көпшілікті алаңдатқан еді.

Бір қолымен ақ сүтін беріп, бір қолымен тіршілігін жасаған.. таксист АНА БАСПАНАЛЫ болды.

Жақын арада толық ақпаратпен бөлісіп, бас демеушімен табыстайтын боламыз.

Біздің бүгінгі жаңалығымыз осы, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салсақ, бұған дейін Instagram қолданушысы елордада таксиге мінген кездегі ерекше оқиғамен бөліскен болатын. Ер адамның видеосы әлеуметтік желіге тез тарап кеткен еді. Қазақстандықтар әйелге қолдау көрсетіп, оған 2 миллион теңгеге жуық ақша жинап берген. Әсел есімді әйел бес айлық қызы және 12 жастағы ұлымен бірге жатақхана жалдап тұрады. 

 

 

Все новости