00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

Елордада вакцина алғандар арасында екі бөлмелі пәтердің қашан ойнатылатыны белгілі болды

24.02.2023 | 15:38
Елорда ақпарат
33

Екі бөлмелі пәтердің автоматты ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 28 қыркүйегі аралығында қалалық вакцинация пункттерінің кез келгенінде, медициналық мекемелерде, сауда ойын-сауық орталықтарында екпенің бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатысады.

Сонымен қатар, тікелей эфирде бағалы сыйлықтар ойнатылады: үш iPhone12, тоңазытқыштар, теледидарлар, микротолқынды пештер, шаңсорғыш, үтік, фен және т.б.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін екпе алғандар арасында 19 iPhone12, 6 тоңазытқыш, 4 теледидар, 2 планшет, 4 қысқа толқынды пеш, 5 принтер, 2 бейнетіркегіш, кір жуғыш машина, Алиса ақылды колонкасы, ауа ылғалдандырғыш және т.б. ойнатылды. Вакцинацияланған адамдар арасындағы ұтыс ойындары жалғасады. Жүлделерді демеушілер ұсынады.

Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол екпе алғандардың ID нөмірі арқылы жүлде иелерін таңдайды. Әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакциналанғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Өйткені, басты мақсат - ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу.

Все новости