00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

Елордада медициналық хаб салынады

05.07.2023 | 14:30
51

Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Бауырлас қалалардың мерейтойлық форумында “Қалаларға инвестициялар экономиканың өсуінің негізгі драйвері ретінде” атты пленарлық сессиясында айтылды,  деп хабарлады Elorda.info

Бауырлас қалалардың инвестициялық жобалары туралы айтылған жиында бірқатар меморандумға қол қойылды, қол қою рәсіміне Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов пен “Cynosure” компаниясының директоры Айдар Сауранбаев қатысты.

Астана қаласы әкімдігі мен “Cynosure” компаниясы арасындағы алғашқы келісім, қатарлық инвесторлардың қатысуымен медициналық хаб салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында жасалды. Медициналық кешенде емхана, диагностикалық және оңалту блогы, бизнес-орталық, сондай-ақ шақырылған шетелдік мамандарға арналған пәтерлер мен қонақүй болады. 

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

Все новости