00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

Ұландықтар әлем чемпионы атанды

29.04.2024 | 17:51
102
Ұландықтар әлем чемпионы атанды
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері Түркияның Мерсин провинциясындағы Ердемли қаласында өткен унифайттан ересектер мен жастар арасындағы Әлем Кубогына қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Мұнда Хорватия, Швейцария, Нидерланды, Солтүстік Македония, Италия, Израиль, Венгрия және т.б. елдерден келген  спортшылар бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша 75 кг салмақ дәрежесінде 6655 (Ақтөбе қ.) әскери бөлімінің офицері лейтенант Әзімжон Кубонбоев алтын медаль жеңіп алды, ал 65 кг салмақ дәрежесінде 6506 (Шымкент қ.) әскери бөлімінің әскери қызметшісі майор Алкен Төлегенов 1 орынды иеленді.

Әлем кубогына қарсыластар өте жақсы дайындықпен келген.  Олар -  кілең мықты спортшылар. Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сапарбекұлы Сәденовке және Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Советбекұлы Ботақановқа еліміздің атынан халықаралық деңгейде өкілдік етуге мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіргім келеді, - деді майор Алкен Төлегенов.

Все новости