00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

Елордада заңсыз такси қызметін ұсынған 21 шетелдік азамат ұсталды

25.02.2023 | 01:40
Елорда ақпарат
48

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, жақын шет елдерден келген 21 жүргізуші ұсталған. Олардың жолаушыларды тасымалдауға рұқсаты болмаса да, «Яндекс» және Uber қызметтерін пайдаланған.

Олар ҚР ӘҚБтК-нің «Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу» 463-бабын бұзғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот қаулылары бойынша 8 жүргізуші Қазақстан Республикасынан шығарылып, 13 жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы «Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон және жұмысқа орналастыру саласындағы ҚР заңнамасын бұзуы» бойынша 25 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Все новости