00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

Неліктен кейбір адамның ақыл тісі кеш шығады

24.02.2023 | 16:01
Елорда ақпарат
49

Адамның үш ақыл тісі 6, 12 және 18 жасында шығады. Негізі адамдарда ақыл тіс басқа приматтарға қарағанда кештеу шығады екен. Мысалы, салыстыру үшін қарасақ, бізге ең жақын туыс болып келетін шимпанзелерде ақыл тіс 3, 6 және 12 жасында пайда болады.

Аризона штаты университетінің зерттеушілері 21 приматтың бассүйегінің 3D-моделін жасады. Жақ сүйектерінің өсу жылдамдығын ескерген ғалымдар әрбір ақыл тістің шығуын уақыт пен орынның дәлме-дәл байланысымен түсіндірілетінін көрсетті, яғни ақыл тіс өз жанында өсіп жатқан шықшыт буынының жұмысына кедергі келтірмейтіндей болып өсіп шығуы тиіс. Егер тіс “кестеден жаңылысып” шықса, асты шайнаған кезде жақ буынына зиян келтіріп, солайша жалпы шайнау аппаратының жұмысын бұзады. 

Сонымен адамның ақыл тісінің кештетіп шығуы мына үш фактордың – жақтың баяу өсуінің, жақтың қысқа болуының және беттің жалпақ болуының өзара әсеріне байланысты.

Все новости