00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

Миллиондары желге ұшқан 4,5 мың вакцинаның сұрауы жоқ па?

24.02.2023 | 15:41
Елорда ақпарат
32

Есептен шығарылған вакциналардың санын кеше Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов жариялады.

«Мониторинг бойынша ақпан айынан бастап 4 500 вакцинаның температуралық режимі сақталмаған. Ал ереже бойынша ондай екпелер есептен шығарылуы қажет. Оларды адамға салуға болмайды. Сондықтан бәрін есептен шығарып тастадық», - дейді ол.

Ал оған дейін бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов «Sputnik V» вакцинасының бір дозасы 11 мың теңге тұратынын айтқан еді. Сонда әлгі соңғы 8 айда шаң қапқан 4 500 вакцинаның бәрі сол «Sputnik V» деп шамаласақ, 49 млн 500 мың теңгенің желге ұшқаны ғой? Ал одан басқа да вакциналар бар ғой десеңіз, мысалы таяуда ғана халал болып шыға келген QazVac пен Hayat Vax, Vero Cell вакциналарына тоңазытқыш қажет емес. Ол үшеуі +8 градусқа дейін сақтала береді екен.

«Sputnik V»-ға қайта тоқталсақ, алғашында оны сақтау температурасы -18 градус болған. Кейін басқаша жасап жатыр ма, қайдам, әйтеуір өндіруші компания ол көрсеткішті +2+8 градус деп өзгертіпті.

Бұл жерде «Sputnik V» қауіпті екен деп отырған жоқпыз. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі нақты қай вакциналардың сақтау тәртібі бұзылғанын да жіктеп жеткізбеді. Олардың шығынын қалай жабатындары да беймәлім. Соған қарағанда, елге есебі берілмеген миллиондардың сұрауы жоқ сияқты. Тек бір білеріміз, антиваксерлер көбейіп, әлі күнге дейін вакцина салдырудан бас тартып жүргенде, оларды «күтіп қалған» дүниенің азбай-тозбай тұра беруі де қиын ғой.

Ерік Елеусіз

Все новости