00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

«Спутник V» вакцинасын алғандар АҚШ-қа кіре алмайды

24.02.2023 | 15:08
Елорда ақпарат
41

Қазіргі таңда Тамақ өнімдері мен дәрілік заттардың сапасын бақылау басқармасы (FDA) мақұлдаған вакциналар қатарында Pfizer мен Moderna, сондай-ақ қытайлық компания әзірлеген Sinopharm мен Sinovac бар. Ресейлік «Спутник V» вакцинасына келсек, қыркүйектің ортасында ДДҰ оны мақұлдау процесін уақытша тоқтатқан болатын. Бұған себеп болған фактор негізінен осы вакцинаның өндіріс жағдайлары жайлы деректерге қатысты-тын. 

Ресейдегі денсаулық сақтау саласы мәселелерін зерттеп жүрген Вирджиния университетінің профессоры Джудит Твигтің пікірінше, бұл жаңалық ресейлік саяхатшылар мен “Спутник V” ектірген басқа да елдердің адамдары үшін жағымсыздау болып тұр. Айтпақшы, қазақстандықтардың да көбі осы «Спутник V» вакцинасын салдырған еді.

Бұған дейін білетініміздей, «Спутник V» вакцинасы жалпы саны 4 миллиард халықты қамтитын 70 мемлекетте мақұлданған, бұл дегеніміз – планета халқының жартысы. Үкіметтер тарапынан алынған мақұлдау саны бойынша «Спутник V» екінші орында тұр. Екпе алған 3,8 млн ресейліктің деректерін талдау нәтижесі бойынша, вакцинаның тиімділігі 97,6%-ды құраған.

The Washington Post газетінің жазуынша, үндістандық Bharat Biotech компаниясы шығарған Covaxin екпесін алғандар да АҚШ-қа кіре алмауы мүмкін.

Все новости