00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге салынатын инвестиция көлемі 7%-ға төмендеді

24.02.2023 | 15:08
Елорда ақпарат
30

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,3%-ға аз.

Өңірлер бойынша қарастырсақ, сектордағы инвестицияның ең көп бөлігі Алматыға тиесілі: оңтүстік астананың аталмыш саласына 29,1 млрд теңге инвестиция құйылған, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 52,5%-ға көп.

Екінші және үшінші орында Түркістан облысы (13 млрд теңге, өсім 6,7 есе) мен елорда (12,2 млрд теңге, өсім 16,7%) тұр.

Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге салынатын инвестицияның ең үлкен өсімі Түркістан облысында тіркелді, ал, керісінше, ең кеміген өңір Ақмола облысы болып шықты (бірден 90,9%-ға төмендеп, 786,4 млн теңгені құрады).

Сектордағы күрделі салымдардың ең көп көлемі банктік емес қаражат есебінен қамтамасыз етілді: 36,3 млрд теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есе көп.

Банктік несиелер есебінен сектордың негізгі капиталына 4,5 млрд теңге инвестицияланды, бұл былтырға қарағанда 8 есе көп.

Меншікті қаражаттан салынған инвестициялар 26,4 млрд теңгені (ақшалай түрде жылына 8,6%-ға төмен), жергілікті бюджеттен - 24,7 млрд теңгені (43,5% төмен) құрады. Республикалық бюджеттен түсетін инвестициялар көлемі де 45,6%-ға азайды. 

Все новости