00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

Енді қазақстандықтар тегін медициналық қызмет түрлерін ұялы телефонынан біле алады

26.05.2023 | 13:00
52
Фото: BAQ.KZ

Енді «Damumed» қосымшасында науқастың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы мәртебесіне қарай қолжетімді қызмет түрлерін ұсынады. Сәйкесінше қазақстандықтар қандай медициналық қызмет түрі тегін екенін біле алады, деп хабарлады Elorda.info.  

 31-телеарнаның «Информбюро» бағдарламасының дерегінше, медициналық көмек «Сақтандырылған», «Сақтандырылмаған» және «Диспансерлік есепте тұрған сақтандырылмаған науқас» деп үш санатқа бөлінеді. 

Мобильді қосымшада міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының пакеті мен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бөліміне кіретін функциялар қатарын кеңейткен. Сондықтан науқас та қосымшаға кіріп, мәртебесіне қарай қолжетімді қызмет түрлерін біле алады. Әрі көмекті қалай алуға болатыны және қандай шарттар сақталуы тиіс екендігі қоса жазылған. Мәселен, салалық маманның нақты қандай зерттеулер тағайындай алатыны көрсетіледі.

Бастысы, сақтандырылған қазақстандықтар үшін бұл қызмет түрлері тегін. Өйткені, олар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына үздіксіз қаржы аударып отыр. Алайда сақтандырылмаған науқастар үшін бәрі өзгеше болады екен. Себебі сақтандырылмаған кісіге көмек тек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне сай беріледі. Сәйкесінше медициналық жәрдем тізімі де шектеулі болады. 

Все новости