00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

Нұр-Сұлтан әкімдігі газбен жүретін автобустар сатып алады

24.02.2023 | 19:22
Елорда ақпарат
32

«Бүгінде елордада 99 электроавтобус бар. Енді қазір газбен жүретін автобустарды сатып алу мәселесін қарастырып жатырмыз. Алдымен тестілеу режимінде бақылап көру үшін бір газ автобусын жалға алғымыз келеді. Негізінде қала автобустары әлдеқашан газға көшуі керек еді. Бұған дейін елордада табиғи газ болмағандықтан дизель отынымен жүретін автобустарды сатып алуға тура келді», – деді Ержан Диханбаев қалалық мәслихаттың отырысында.

Оның айтуынша, газбен жүретін автобустардың пайдасы көп.

«Біріншіден, экологиялық тұрғыдан зиян келмейді, ал дизельден түтін шығады. Екіншіден, газ үнемді. Сонымен қатар, газбен жүретін автобус қақаған қыста далада қалса ештеңе етпейді. Себебі газдың қату температурасы -120 градус. Тағы бір артықшылығы – оның құны электр автобусынан әлдеқайда арзан. Осылайша, бюджетке үлкен салмақ түспейді», – дейді ол.

Сондай-ақ аталған басқарма өкілі бүгінде Нұр-Сұлтандағы қоғамдық көліктердің 20 пайызы ескі екенін еске салды.

Все новости