00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

Елорда тұрғыны екпе салдырып екі бөлмелі пәтер ұтып алды

24.02.2023 | 15:43
Елорда ақпарат
43

Ұтыс ойынына 25 маусым мен 28 қыркүйек аралығында елордада екпе алған азаматтар қатысты. 

Birge платформасында (https://birge-elorda.kz/nur-sultan) ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін орнатылған рандомайзер сервисі арқылы екпе алғандардың ID нөмірі бойынша жеңімпаз таңдалды. Ұтыс ойынының жеңімпазы болып  75300 нөмірімен тіркелген елорда тұрғыны Әсемгүл Ысқақова танылды. 

Екі бөлмелі пәтер қаланың Сарыарқа ауданында, Есіл өзенінің жағасынан 900 метр қашықтықта, «Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Демеушісі — «G-Park» құрылыс компаниясы.

Айта кетейік, тікелей эфир барысында пәтерден бөлек iPhone12, тоңазытқыш, теледидар, микротолқынды пеш, шаңсорғыш, үтік, фен сияқты басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылды. 

Все новости