00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Поиск

Қазақстандықтардың 60 пайыздан астамы әлі вакцина алмаған

24.02.2023 | 14:55
Елорда ақпарат
42

«Мысалы, өткен жылдың маусымында ауырып, екпе алмағандардың ықтималдығы жоғары. Иә, белгілі бір дәрежеде вакциналар жаңа нұсқаларға қарсы тиімділігін жоғалтады. Бірақ соған қарамастан 80 пайыз жағдайда иммундық қорғаныс сақталады», - деді профессор.

Сонымен қатар, халықты ол мутация жиілігін азайту үшін санитарлық нормаларды сақтауды жалғастыруға шақырды. «Eta» коронавирусының жаңа мутацияланған нұсқасын да тілге тиек етті.

«Оның әлемде пайда болуы алғаш рет 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды. Инфекция Нигерия мен Ұлыбританияда, ал қазір Қазақстанда анықталды. Егер бұрын коронавирус айына екі рет мутацияға ұшыраса, бүгінде жиіледі. «Eta» басқа толқын тудыруы мүмкін деген ақпарат жоқ болғандықтан, медициналық қауымдастық бұл опцияға алаңдамайды. Коронавирустың «дельта» нұсқасы өте қауіпті», - деді Алмаз Шарман.

Сондай-ақ ғалым Қазақстанда вакциналар болғанымен, екпемен қамту әлі де төмен деңгейде екенін жеткізді.

«Ел тұрғындарының 60 пайыздан астамы вакцинаның бірде-бір дозасын әлі алған жоқ. Мысалы, АҚШ-тың көп бөлігінде, Дания сияқты Еуропа елінде ересек халықтың 80 пайызы вакциналанған. Вакциналар – вирустан қорғанудың ең тиімді жолы. Қазір біздің елдегі барлық вакциналар жаңа нұсқаларға қарсы тұра алады», - деп түйіндеді ол сөзін.

Все новости