00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

«Алжирдегі оқиға»: Жарақат алған екі әйелдің жағдайы ауыр

17.07.2023 | 11:53
29
фото: kazgazeta

Кеше «Алжир» музейінде лифттің құлау салдарынан зардап шеккен екі әйелдің қазіргі жағдайы туралы елордадағы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми-зерттеу орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info тілшісі. 

Науқастардың жағдайы ауыр. Ресми жауап екі күн ішінде берілуі мүмкін, өйткені бір науқас әлі де реанимацияда жатыр,- деп жауап берді баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, кеше, 16 шілде күні «Алжир» музейінде лифт құлап, екі әйел жарақат алды. Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1940 жылғы елорда тұрғыны мен 1969 жылғы Ақмол ауылы тұрғынының түрлі дене мүшесі сынған. Алдын ала белгілі болғандай, олар АЛЖИР музейін аралап  жүріп, оқыстан лифт құлаған кезде жарақат алған.

Целиноград ауданы Ақмол ауылы «АЛЖИР» музейінде лифттің құлау фактісі бойынша ҚР ҚК 306-бабы 2-бөлімі 2-тармағы «Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды,-деп хабарлады Ақмола облыстық ПД.

Барлық жаңалықтар