00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

«Астана Опера» театрының көрермендері көбейді

17.07.2023 | 12:30
57
Фото: «Астана Опера» театрынан

«Астана Опера» театры X мерейтойлық маусымын әлемдік жұлдыздардың қатысуымен өткен Симфониялық концертпен аяқтады, деп хабарлады Elorda.info.

Елорданың алып әшекейі саналатын театрда мерейтойлық маусым бойы нағыз асқақ өнер мерекесі салтанат құрды. Осы уақыт ішінде көрермендер аудиториясына бірқатар айтулы премьералар ұсынылды. 

Мерейтойлық маусымды Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен ғаламат «Опералия» халықаралық фестивалі қорытындылады. Оған Барсег Туманян (Армения), Лаура Вереккья, Диего Каваццин, Изабель дель Паоли (Италия), Бадрал Чулуунбаатар (Моңғолия), Седжун Ан (Корея), Мунзифа Исоева (Тәжікстан), Альфия Каримова (Башқұртстан), Айбек Саралаев (Қырғызстан), Абосхон Рахматуллаев (Өзбекстан), Коки Янг (Қытай), сондай-ақ атақты виолончельші Цзин Чжао қатысты. 

Айта кетейік, «Астана Операның» іс-шараларына соңғы маусымда 100 мыңнан астам адам барған.

Өнер ошағы ашылғалы бергі 10 маусым бойы «Астана Опера» көпшіліктің театрға деген қызығушылығын оятып келеді. Ең үздік қоюшыларды, атақты орындаушыларды шақырады, ал спектакльдерді безендіруге Қазақстанның, сондай-ақ шетелдің озық мамандары тартылады. Сондықтан театр елорданың өзіндік бір нышанына айналды. Бұл ең дарынды, шығармашыл орындаушылар тобын қатарына жинаған үлкен имидждік жоба. «Астана Операның» алдында жаңа онжылдық тұр, оның жарқын әрі қызықты болатынына еш күмән жоқ, – деді «Астана Опера» директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров. 

Барлық жаңалықтар