00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елорданың еңбек ұжымдары «Астана Операның» спектакльдеріне шақырту алады

24.02.2023 | 23:58
Елорда ақпарат
42

Театрға бару – маңызды әрі қызықты оқиға. Алайда кез келген жұмысбасты адамның Мельпомена ордасына баруға уақыты мен мүмкіндігі бола бермейді. Қолда шақырту барда күйбең тірліктің шырмауынан шығып, театрдың ғажап атмосферасымен танысу едәуір жеңіл болмақ.

Еліміздің мәдени жетістіктерін насихаттайтын «МәдениЕл» бағдарламасы азаматтарды мәдени өмірге көптеп тартуға бағытталған. Осы мақсатта демеушілердің қаражаты есебінен жүйелі түрде әр қойылымға 300 адам – бюджеттік сала қызметкерлері шақырылып отырады, – деді «Астана Опера» МОБТ директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров. – Мұндай тәжірибе елорда тұрғындарын мәдени демалысқа тартып, «Астана Операның» әлемнің әйгілі театрларымен қатар тұрғанын еске салуы тиіс.

Петр Чайковскийдің «Аққу көлі» әлемдік балет жауһарына білім, денсаулық, полиция, төтенше жағдайлар департаменті мен коммуналдық сала қызметкерлері шақырылды.

– Шынымды айтайын, театрларға көп бара бермеймін. Күнделікті шаруаның қамымен уақыт табуға қиналып қаламыз. «Астана Операға» алғаш рет келіп тұрмын. Бүгін театрға келуге мүмкіндік берілгеніне алғысым шексіз. Бұл жер өзінің әсемдігімен баурап алады, ал ғажайып әуен мен керемет бишілер мені тіпті таңғалдырды, – деп пікірімен бөлісті елорданың әлеуметтік мекемесінің тәрбиешісі Жанерке Бекбаева. – Мұнда тағы келгім келеді, жақын арада операны тыңдаймын деген үміттемін.

Барлық жаңалықтар