00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Адами капиталға айрықша көңіл бөлінді – Кәрімбек Құрманәлиев

01.04.2023 | 00:58
Елорда ақпарат
65

Бүгінгі VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысқан Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, академик Кәрімбек Құрманәлиев Мемлекет басшысы көтерген мәселелер туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Парламент палаталарының бірлескен отырысына жаңадан сайланған депутаттармен қатар Ұлттық құрылтай мүшесі ретінде шақырылып, жиынға қатыстық. «Ғылым мен білімді екінші орынға қойған мемлекет ешқашан ешбір салада бірінші орынға көтеріле алмайды» деген қағиданы қаперіне алған Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың: «Өңдеу өнеркәсібін инновация мен жоғары технология ғана жедел дамытады. Қазақстан экономикасы ғылыми жетістіктерді негізге алуы керек. Зерттеу жүргізіп, патент алу жеткіліксіз. Ғылыми жаңалықтарды өндірісте пайдалану қажет. Ғылымды жан-жақты дамыту үшін жаңа заң қабылдау керек» дегенін ғылыми жұртшылық өкілдері жылы қабылдады. Жаңа заң жобасын әзірлеуде Ұлттық ғылым академиясының академиктері де белсенді түрде атсалысатынын айтқым келеді. Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз эксперттер тобының басшысы ретінде, Президеттің білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға баса мән берілуге тиіс екендігі, осы салаға нағыз кәсіби мамандарды тарту қажеттігін алға тартып, Президенттік жастар кадр резерві сияқты білім саласына өзгеріс әкелетін бір мың маман арнайы дайындықтан өту бойынша арнайы бағдарлама қабылданатындығы туралы жағымды жаңалағы – білім саласы өкілдерін қатты қуантқанын тілге тиек еткім келеді, - деді Кәрімбек Құрманәлиев.

Ұлттық ғылым академиясының академигі өз сөзінде емтихан сұрақтарының тым күрделі болуын анықтау қажет екенін айтты. 

Мемлекет басшысының жоғары оқу орындарын бітірген түлектер жұмысқа алғаш рет орналасу алдында тапсыратын Ұлттық біліктілік емтиханының мазмұнын жетілдіру бойынша тапсырмасы өте орынды деп санаймын. Сондықтан сараптамалық қауымдастық өкілдерімен тест сұрақтарына талдау жүргізіп, ықтимал нұсқаларын ұсынған жөн. Президентке емтихан сұрақтарының тым күрделілігі туралы хаттардың көп түсуінің себеп-салдарын зерделеуіміз керек. Ғылым және білім саласының өкілі ретінде, Президенттің адами капиталға ерекше екпін түсіріп сөйлегені көңіл қуантты. Ендеше, ел дамуының басым бағыттарының бірі – білім- ғылым әлеуетін арттыруға бар күш- жігерімізді жұмсайық, - деді ол.

Барлық жаңалықтар