Жаңалықтар

«Жер-2017» Республиқалық командалық – штабтық оқу жаттығуы басталды

Қазақстан Республикасының жекелеген бөлігінінің сейсмикалық қауіптілікке бейімділігін ескере отырып ағымдағы жылдың 12 қазанынан бастап «Басқару органдарын және азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштерін Жамбыл облысында туындаған жойқын жер сілкінісі кезіндегі төтенше жағдайларды жоюдағы іс-қимылына дайындау » тақырыбында «Жер-2017» Республикалық командалық – штабтық оқу жаттығуы басталды.

Осындай оқу жаттығулар 3 жылда бір рет өткізіледі, сондықтан оларға жоспарлау, жойқын жер сілкінісі нәтижесінде зардап шеккен халыққа көмек көрсету іс-шараларына басшылық ету жөніндегі мәселелері барынша пысықталады.

Оқу-жаттығу ойы бойынша жер сілкінісінің эпицентрі Жамбыл облысы, аумағында 70 шақырым шығысқа Тараз қаласы Іле-Алатауының тауларында, тереңдігі шамамен 14 шақырымда орналасқан.

Оқу-жаттығу шеңберінде Астана қаласынан Жамбыл облысына жедел тобы колонна құрамында бару жүзеге асырылып құтқару және медициналық құрылымдардан басқа мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындар сондай-ақ кәсіпкерлік және қоғамдық тамақтану саласының өкілдері тартылған.

Жер сілкінісінің қатері туралы сигнал алғаннан кейін Астана қаласының әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхаметов кезектен тыс төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша Комиссия отырысын өткізді. Отырыста Жамбыл облысында орын алуы ықтимал жойқын жер сілкінісі салдарын жоюға қалалық қызметтердің күштері мен құралдарының дайындығы бойынша сұрақтар қарастырылды.

Сонымен қатар, Астана қаласы ТЖД әхуалдық орталығында басқару жөніндегі іс-әрекеттерімен жиынтық жедел топтың жіберілетін аймағына ведомствоаралық үйлестіру мақсатында апатты жер сілкіністерінің жедел штабы құрылды. Штаб құрамына 21 елордалық азаматтық қорғау, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың қызметтері кірді.

Келіп түскен кіріспелер уақтылы және толық көлемде пысықталды. Астана қаласында қызметінің және қалыптастырылған топтастыру- қойылған міндеттері орындауға дайын.

ҚР ІІМ ТЖК Астана қаласы,

ТЖД Азаматтық қорғаныс Басқармасының

бастығының орынбасары подполковник К. Оразалин

Close