Қылмыс және оқиғалар

Жыл басынан бері елордада қылмыс саны едәуір азайған

Астаналық полицейлер жыл басынан бері республикалық және халықаралық маңызды 985 іс-шара өткізу арқылы қоғам тәртібі сақталды, деп хабарлайды Elorda.info елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көптеген қылмыс түрлері азайды, оның ішінде аса ауыр қылмыс — 38,9%, орта ауыр — 3,6%, кіші қылмыстар — 25,2%-ға кеміген. Қоғамдық орындардағы қылмыс 19,9% және далада жасалған құқық бұзушылықтар — 25,2%-ға төмендеген. Барлық санаттағы қылмыстарды ашу бойынша да жақсы көрсеткіш бар.

Мемлекет басшысының құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қалыптастыру тапсырмасы бойынша да жұмыстар жалғасуда. Осы жылы полицейлер 44 364 әкімшілік құқық бұзушылық анықтаған, оның ішінде ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, алкогольді ішімдіктерді ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу, белгіленбеген орындарда темекі шегу, абаттандыру ережелерін бұзу фактілері анықталған.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзу бойынша 53 мың заң бұзушылық тіркелген. Мас күйінде көлік басқарған 597 жүргізуші ұсталған.

Елордада көші-қон Заңнамасын сақтамау фактілерінің жолын кесуге ерекше көңіл бөлінуде. Ағымдағы жылдың 4 айында 2500-ге жуық шетелдік әкімшілік жазаға тартылған. Олардың арасында елімізден сот тәртібінің шешімі бойынша мәжбүрлі түрде шығарылғандар, сонымен қатар ІІД бөлу-қабылдауына қамалғандар бар. Қазақстан Республикасының көші-қон Заңнамасын өркескел бұзған 32 шетелдік үстінен іс қозғалған.

Қазіргі таңда Астана қаласында қоғамдық тәртіп орнатуға қоғамдық құрылымдардың 1400 өкілі атсалысуда.

Қалада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында полицейлер саны көбейтіліп, өзге де мемлекеттік орган өкілдерін жұмылдыру арқылы рейдтік шаралар ұйымдастырылуда.

 

 

Теги

Статьи по теме

Close