Қылмыс және оқиғалар

Қазақстанның елордасында жол апатынан қаза болғандардың саны 9% азайды

Қаңтар және сәуір айлары аралығында кәмелет жасына толмағандардың қатысуымен болған жол апаттарының саны 20% азайды, зардап шеккен балалардың саны 16% кеміді, қаза болғандар жоқ, деп хабарлайдыElorda.infoжергілікті полицияға сілтеме жасап.

«2017 жылдың төрт айы ішінде елордада ЖКО саны 28,6 % төмендеді, жолда қаза болғандардың саны 9% азайды, жарақат алғандар 23% кеміді», — деп хабарлады сәрсенбі күні Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, кәмелет жасына толмағандардың қатысуымен болған жол апаты 20%, жарақат алған балалардың саны 16% азайды, қаза болғандар жоқ.
Жыл басынан бері жолдан рұқсат етілмеген жерден өткені үшін 5 мыңға жуық жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, жергілікті полицияжол-көлік жарақаттанушылығы мәселесінің Қазақстан елордасында өзекті болып отырғанын атап өтті.
Астанада жыл басынан бері балалардың қатысуымен болған жол апаттарының 70% жүргізушілердің кінәсінен болады: зардап шеккен балалардың жартысынан көбі автокөлікте жолаушы ретінде отырған.
Балалардың жол-көлік жарақаттанушылығының алдын алу мақсатында жазғы мектеп демалысы қарсаңында биылғы жылдың 1 мамыры мен 1 маусымы аралығында елордада «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты республикалық кең ауқымды акция өткізілуде.
«Акция кезінде балалардың жол-көлік жарақаттанушылығының негізгі себебі болып отырған ЖҚЕ бұзуға жол бермеуге ерекше көңіл бөлінеді. Жол-патруль полициясы жасақтарының маршруттары апатты-қауіпті участоктарға барынша жақындатылған», — делінген хабарламада.


Статьи по теме

Close