Қылмыс және оқиғалар

Бір ай ішінде ондаған астаналық кене шағып шағымданған

Кене шағудың алғашқы дерегі Астанада жыл басынан бері 27 сәуірде тіркелген, деп хабарлайды Elorda.info.

Бүгінгі күні қоғамдық денсаулық қорғау қалалық департаментіне барлығы осындай 57 шағым түскен, деп хабарлады департаменттің жұқпалы және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, санэпидемиолог Нағима Шатаева.

Маманның айтуынша, кенелердің белсенділігінің артатын мезгілі – сәуір және мамыр айлары.

«Астанада энцефалитті кене болмайды. Біздің аймақта кененің екі түрі бар – дермацентор маргинатус пен дермацентор пиктус. Бұлар зиянсыз кенелер, олар энцефалит тасымалдаушылар емес. Бірақ босаңсуға болмайды. Оның үстіне елордада миграциялық үдерістер жоғары», — деді «Вечерняя Астана» газетіне Н.Шатаева.

Санэпидемиологтың айтуынша, Астанада кене энцефалитінің бір ғана уақиғасы 2014 жылы болған, онда Алматыға барған елорда тұрғынын кене шаққан болатын. Соңы жақсы аяқталған.

Close