Қылмыс және оқиғалар

Астананың 24 жастағы тұрғыны тұтқындықтан босатылды

Кісі ұрлаушылар оның ақша мен құжат ұрлағанын мойындауын талап еткен, деп хабарлайды Elorda.info.

Елордалық полиция қызметкерлері қала тұрғынын заңсыз бас еркінен айырған қылмыстық топты ұстауға қатысты арнайы операция өткізді.

«11 мамырда Астананың ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бір топ адамды ұстау мақсатында арнайы операция жүргізді. Бұл топ 24 жастағы жергілікті тұрғынға күш қолданып, оны қаладағы бизнес-орталықтардың бірінің аумағында заңсыз ұстаған», — деп хабарлады елордалық ІІД баспасз қызметі.

Ұсталғандар Астана қаласының, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 27, 28 және 32 жастағы тұрғындары болып шықты.

Қазір күдіктілердің барлығы уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Аталған факт еліміздің қылмыстық кодексінің «Бас бостандығынан заңсыз айыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.

«Зәбір көрушінің айтуынша, 10 мамырда түнгі уақытта үш бейтаныс жігіт бизнес-орталық аумағындағы ангарда денесіне зақым келтіріп, кеңседен ақша мен құжат ұрлағаны туралы тілхат жазуға мәжбүрлеген. Зардап шегуші бұл әрекеттерді жасамаған», — деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Қазір жәбірленуші ауруханада ем алуда.


comments powered by HyperComments
Close