Қылмыс және оқиғалар

Астаналықтар 1,3 млн теңгенің қаруын тапсырды

Елордада жұртшылықтан заңсыз сақталған қаруды сатып алу шарасы жалғасуда, деп хабарлайды Elorda.info.

«Бүгінгі күні аталған шара аясында азаматтар полицияға 30 бірлік түрлі қару тапсырды», — делінген Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің бейсенбі күні таратқан хабарламасында.
Қаруды өз еркімен тапсырғандарға 1,34 млн теңге төленеді.
«Тіркелмеген атыс қаруын ерікті түрде тапсырған тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартудан босатылады», — деп еске салды ІІД.

Close