Астанада іздеуде жүрген үш қылмыскер ұсталды

Астанада іздеуде жүрген үш қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Elorda.info.

«Құқық тәртібі» жедел-алдын алу шараларының алғашқы күні іздеуде жүрген үш қылмыскер ұсталды, 980-нен астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды», — деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар ұсақ бұзақылықтың қырық, спиртті ішімдік ішу мен қоғамдық орында мас күйде жүрудің елу, аумақтарды абаттандыру ережелерін бұзудың жүзден астам, жылдамдықты белгіленген мөлшерден асырудың отызға жуық фактісі анықталды.
Сондай-ақ, тұрғылықты жері жоқ 57 азамат уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды, 23-тен астам шетел азаматы – елімізде жүрудің бекітілген ережелерін бұзғаны үшін.
75-тен астам азаматтық қару иесінің қаруды сақтау мен оны тіркеу ережелеріне сәйкестігі тексерілді.