Қылмыс және оқиғалар

Астанада 15 жылда алғаш рет листериоз тіркелді

Мамандардың пікірінше, аталған аурудың пайда болуына ПИК-тердің кеміргіштерге қарсы күреске немқұрайды қарауы себеп болған, деп хабарлайды Elorda.info.

«Сапасыз жүргізілген дератизациялық шаралар туляремия, листериоз, лептоспироз және иерсиниоз секілді кеміргіштер тасымалдайтын және елорда аумағына тән жұқпалы аурулардың таралуына себеп болуы мүмкін. 2017 жылдың сәуірінде 14 жасқа дейінгі балалардың арасында листериозға шалдығудың 1 оқиғасы тіркелді. Бұл ауру 2002 жылдан бері тіркелмеген», — делінген елорда әкімдігінің ресми сайтының хабарламасында.

«Қала емханаларына кеміргіштердің тістегенінен зардап шеккен тұрғындар дәрігерлік көмек сұрап жүгінуде», деп атап өтілген жарияланымда.

Астанада сәуірдің 14-інен 25-іне дейін кеміргіштерге қарсы күрестің көктемгі кезеңі өтті. Дератизациямен 20 мың тұрғын үй қамтылды.

Кеміргіштердің бастапқы қоныстануы 1 161 тұрғын үйде анықталған.

Листериоз – бактериалды инфекция. Листерия орталық жүйке жүйесіне жұғып, менингит және энцефалит туғызуы мүмкін.

Close