ЖаңалықтарМәдениет

Түркістанда түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының VIII-ші конгресі өтті

Түркістанның төрінде түркі әлемі әдеби журналдарының редакторлары кездесті. Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының VIII-ші конгресіндеТүркі дүниесіне ортақ дүниелер ортаға салынды.

Қонақтардың арасында «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының Бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ, Еуразия Жазушылар Одағының төрағасы Якуб Омероглы, «Башқұртстан қызы» журналының редакторы Гүлназ Кутуева, «Әзірбайжан» журналының редакторы Судаба Агабалаева, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ұлықбек Есдәулет, жазушы, Қазығұртkz» журналының бас редакторы Мархабат Байғұт және т.б. 19 елден 10-ға жуық әдебиет және мәдениет қайраткерлері бар.

Жиынды ашқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаев баршаны құттықтап, түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының VIII-ші конгресінің табысты өтуіне тілек білдірді.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «ТҮРКСОЙ» түркі әлемінің ЮНЕСКО-сына айналуы тиіс» деген болатын. Яғни, біз ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдер арасында ынтымақ-бірлігімізді арттырып қана қоймай, мәдени және экономикалық, туристік тұрғыда соны серпін аларымыз, сергек тартарымыз сөзсіз. Кешегі өткен жиында салиқалы сөздер, ұтымды ұсыныстар айтылып, орнықты ойлар ортаға салынды деп ойлаймын», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Кездесуде сөз алған қонақтар Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының VIII-ші конгресінде айтылған ұсыныстар мен қозғалған пікірлер түркі тілдес халықтардың ортақ тарихын интеграциялауға зор ықпалын тигізеді деген сенім білдірді.

«Түркістан қаласында керемет басқосу өтті. Жиында Түркі дүниесіне ортақ дүниелер ортаға салынды. Соның бірі ретінде Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі талқыланды. Латын әліпбиіне көшу — сіздердің тілдеріңіз үшін жасалған игі қадам деп білемін. Түркі Елдерінің ақсақалы Н.Назарбаевтың бұл бастамасы дер кезінде көтеріліп отыр», — деді Еуразия Жазушылар Одағының төрағасы Якуб Омероглы.

Кездесу барысында қонақтар латын тіліне көшу мәселесі туралы ойларын ортаға салып, өз ана тілдерінде бір-бір шумақтан өлең оқып берді. 

Тельман БЕЙСЕНОВ


comments powered by HyperComments
Close