Спорт

Төрт бірдей әлем чемпионы бокстан Қазақстан біріншілігіне қатысады

Астанада әйелдер боксынан республика чемпионаты басталды, деп хабарлайды Elorda.info.

Жарысқа Қазақстанның төрт бірдей әлем чемпионы: Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Валентина Хальзова мен Ләззат Күнгейбаева, сонымен қатар Риода өткен Олимпиада ойындарының қатысушылары Жайна Шекербекова мен Дариға Шәкімова қатысады.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша Қазақстанның ұлттық құрамасының жаңа құрамы жасақталады.

«Біз қазір Токио 2020 олимпиадалық кезеңінің ең басында тұрмыз, бірақ бұл бізге босаңсуға уақыт жеткілікті дегенді білдірмейді. Ұлттық құрамаға түскендерді интенсивті жаттығулар мен қатал бәсекелестік күтіп тұр», — деді Қазақстанның әйелдер құрамасының бас бапкері Вадим Присяжнюк.

Ел чемпионатының финалы 8 мамырда өтеді.

Жарыстың барлық күндері «Дәулет» спорт кешенінің есігі жанкүйерлерге ашық.


comments powered by HyperComments
Close