Спорт

Сенбі күні Астанада EXPO көрмесіне арналған велошеру өтеді

Мыңдаған денешынықтырушы 10,5 шақырым қашықтықты еңсереді, деп хабарлайды Elorda.info.

20 мамырда «Астана Арена» стадионында EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жаппай велошеру өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің спорттық-бұқаралық шараларын өткізу жөніндегі дирекциясының баспасөз қызметі.

«Жыл сайын веложарысқа 2500 адам қатысады, оның ішінде кәсіби және әуесқой шабандоздар бар. Қатысушылар 10 шақырым 500 метр қашықтықты Қабанбай батыр көшесі арқылы, ары қарай Қорғалжың тасжолы, Тұран даңғылы арқылы жүріп өтуі тиіс және мәре «Астана-Арена» стадионы жанында болады», — делінген хабарламада.

Қатысушыларды тіркеу таңертең сағат 8:00-де басталады. Ал, жарыс сағат 9:00-де Қабанбай батыр көшесіндегі «Астана-Арена» стадионының қарсысында бастау алады.  Қатысушыларға велосипедті жалға алуға мүмкіндік жасалады.

Бұқаралық веложарыс өткізу барысында жоғарыда аталған көшелер жабылады.

Теги

Статьи по теме

Читайте также...

Close
Close