Спорт

Футболдан Қазақстан құрамасы ӘЧ іріктеу кезеңін өте сәтсіз аяқтады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ресейде өтетін 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін өте сәтсіз аяқтады. Соңғы ойынын өз алаңында Армениямен өткізген ұлттық құрама кездесуді тең теңбе тең нәтижемен аяқтады. Сөйтіп, футболшыларымыз жалпы алғанда бар жоғы үш ұпай ғана еншіледі. Осылайша турнир кестесінде Қазақстан бір рет те жеңіске жете алмай Е тобында соңғы орында қалды. Бұл соңғы 11 жылдағы ең нашар көрсеткіш. 2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде ұлттық құрама бір ғана ұпай жинаған. Ал келесі іріктеу кезеңінде (Еуропа чемпионаты-2008) 10 ұпай еншілеген. Бұл әзірше Қазақстанның ең үздік көрсеткіші. Қазақстан құрамасының әлем және Еуропа чемпионаттарына іріктеу кезеңінің нәтижелері:

Әлем чемпионаты-2018 — 3 ұпай

Еуропа чемпионаты-2016 — 5 ұпай

Әлем чемпионаты-2014 — 5 ұпай

Еуропа чемпионаты-2012 — 4 ұпай

Әлем чемпионаты-2010 — 6 ұпай

Еуропа чемпионаты-2008 — 10 ұпай

Әлем чемпионаты-2006 — 1 ұпай.

Close